ШҚО-да "Сапалы өнім" жобасы сәтті жүзеге асып жатыр
шартты сурет
Бүгінде дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Әлем елдерінің ішкі нарықты қорғауда белсенділік танытып отырғанын осыдан байқауға болады. Сол себепті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауды ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, ішкі нарықты жан-жақты қорғау экономикамыз өзгелер үшін жабық дегенді білдірмейді. Ел экономикасы басқа мемлекеттерге әрдайым ашық болуға тиіс. Алайда ұлттық бизнестің де ұпайы түгенделеді.
Осылайша, ел Президенті 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 7-ші тармағын іске асыру мақсатында Үкіметке, «Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне», «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына және отандық өндірушілерге ішкі нарықты қорғауға бағытталған сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеу тапсырды.
Осы ретте «Сапалы өнім» жобасы іске қосылып, нәтиже бере бастағанын айтуымыз керек. Жоба шеңберінде отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті, сапасыз өнімдерден қорғалады. Осы бағыттағы жалпыұлттық мүдделерді іске асырып, парасатты бәсекелестікті дамыту үшін тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес сектор, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдері жобаға тартылады.
Жоба бойынша тауарлардың (кірме тауарлардың) сапасы, қауіпсіздігі және маркировкасы бойынша уәкілетті органдардан ақпара алынған. Соның нәтижесінде қыркүйек айынан бастап уәкілетті органдарға түскен өтініш бойынша бірқатар тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Мерзімі өткен тауарлар үшін жеке кәсіпкерге 30 АЕК айыппұл салынып және бұл тауарлар сөреден алынды.
Сондай-ақ қазақ тілінде ақпараттың болмауына байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425-баптың 1-бөлігіне сәйкес хаттама жасалған кірме өнімдерге жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
Сонымен қатар келіп түскен өтініштердің бірінде кеден одағының «сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарының бұзылуына байланысты өнімнің сәйкестігін растау бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестік туралы декларациялардың күші жойылғаны анықталды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
сауда және тұтынушылардың құқықықтарын қорғау департаменті