KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Президент бизнестегі салық жүктемесін жеңілдетуді тапсырды

13.04.2023, 08:30 220

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында елде ғылымның ашық моделін қалыптастыру үшін кешенді шараларды жүзеге асыру керектігін айтты.

Ғылым мен жоғары білім саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған, деп хабарлайды Altaynews сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ғылымның ашық моделін қалыптастыру үшін, ең алдымен, дамудың жаңа тәсілдерін заң жүзінде бекітіп, ғылыми-технологиялық және экономикалық саясаттың өзара байланысын күшейту керектігі айтылды.

Сонымен қатар ғылым мен технологиялық саясат туралы арнайы заң дайындау қажеттігі туындаған. Президент салық жүктемесін жеңілдетуді тапсырды. Бұл бизнесті ғылымға қаржы құюға ынталандыру үшін істеледі.

– Әлихан Асханұлы, ғылымға көбірек инвестиция тарту үшін салық жүктемесін жеңілдету арқылы ынталандыру мүмкіндіктерін қарастырыңыз. Бізге салық саясатында, жалпы алғанда, икемді тәсілге көшу керек деп ойлаймын. Азайтуға мүмкіндік бар жерде, қорықпау керек. Түптеп келгенде, Салық кодексі осы заңнама аясында тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қарапайым нормативтік акт болуға тиіс. Бүкіл Салық кодексін мың беттен тұратын қасиетті кітапқа айналдырмайық. Осыған келісейік, – деді Мемлекет басшысы.

Мұндай жеңілдіктер ҒЗТКЖ мен ғылыми орталықтардың дамуын қаржыландыратын кәсіпкерлерге ұсынылуы керектігі де аталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу