Kaspi.kz арқылы көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере алады
Фото: opennews.kz
Енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады.
Kaspi.kz басшысының айуынша, жаңа сервис Еңбек министрлігі, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы, Цифрландыру министрлігімен және ҰАТ АҚ-мен бірлесіп іске қосылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
- Жалпы азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыр. Мысалы, 2021 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы қызмет көрсете бастадық – бұл бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем болды. Содан бері ЕДБ-мен ынтымақтастығымыз жалғасып келеді. Бүгінгі таңда министрліктің тоғыз қызметі ЕДБ қосымшаларында азаматтар үшін қолжетімді. 2023 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша министрлік қызметінің 43,6% -ы (6,7 млн) ЕДБ арқылы көрсетілген, - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры Әлихан Әбілғазиев.
Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақыларға және Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға қалай өтініш беру керектігі туралы қосымшадан толығырақ оқуға болады.
Оқи отырыңыз