Катонқарағай ұлттық паркі фототұзаққа түскен суреттерді жариялады
Ұлттық парктің қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақшада тылсым табиғаттың әсерлі сәттерімен бөлісті.
Фототұзаққа марал мен суыр түсіп қалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Чернова орманшылығында жаз айларында орнатылған фототұзақты тексеру кезінде ерекше қонақтар – марал мен суыр түсіп қалды. Бұл кадрлар табиғаттың таңғажайып әлемін жақыннан сезінуге мүмкіндік береді.
Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің соңғы мәліметтері бойынша, ұлттық парк аумағында 440 марал және шамамен 9000 суыр мекендейді.
Оқи отырыңыз