KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Өскемендік Ұлттық ұлан сарбаздары 300 шақырымдық шеруге қатысты

Бүгін, 18:00 0 Айжанат Бақытқызы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің сарбаздары Өскеменнен Шемонайха қаласына дейін барып, қайта кері қайтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 300 шақырымдық тактикалық-арнайы сабағына әскери бөлімнің 2023 және 2024 жылғы шақырылымның мерзімді әскери қызметшілері қатысты. Оқу-жаттығу барысында жас жауынгерлер өздерінің алған білімдерін іс жүзінде қолданып, қиян-кескі оқыс оқиғада техниканы басқарып, әртүрлі кедергілерді еңсеріп, шектеулі және ойық өтпелерден мүлтіксіз өтті.

– Ұлттық ұлан қатарына шақыртылғанда жауынгерлік техниканы басқарудан хабарсыз едім. Ұзақ қашықтықты қамтыған бүгінгі шеруден мол тәжірибе алдым. Жол қауіпсіздігін сақтай отырып, әскери техниканы діттеген жеріне жеткізу үлкен жауапкершілікті талап етеді, – дейді 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Санжар Олжахан.

Ұлттық ұланның жас жүргізушілері тәжірибеде теориялық білімдерін шыңдап, әскери техниканы басқару қабілетін көрсетті, сондай-ақ жауынгерлік машинамен түрлі кедергілерді еңсерудің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырды. Алдағы уақытта 300 шақырымды еңсерген жас жауынгерлер әскери көліктерді басқаруға рұқсат алатын болады.

                                                                                                                                                      Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив