ШҚО әкімі: «Мәдениет – қоғамдық сананы қалыптастырады» (видео)
Шығыс Қазақстан облысында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы жалғасып келеді. Облыс орталығындағы басты сахнада апта сайын өңірдің қала және аудан ұжымдары өнер көрсетуде. Үлкен концерт басталар алдында дәстүрлі түрде көрмелер мен таланттар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Бүгін Күршім және Марқакөл аудандарының гала-концерті өтті. Көрермендер бірегей фольклорлық-хореографиялық бағдарламаны, түрлі жанрдағы би нөмірлерін жылы қабылдады.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Өңір басшысы облыста осындай іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше назар аударылып жатқанына тоқталды.
Айта кетейік, әр апта сайын ШҚО аудандары қолөнер шеберлерінің жұмыстары, жергілікті суретшілердің картиналары көрмелерін өткізіп, өңір тұрғындары мен қонақтарына кең ауқымды гала-концерттер ұйымдастырады. Мұның бәрі Шығыс Қазақстанның мәдени көптүрлілігін айқындайтын әсем оқиғалар шеруін құрайды.













