KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Көмір бағасы арзан қалалардың бірі – Өскемен

pexels.com

2.11.2024, 18:00 226 Назерке Каримова

Петропавл, Өскемен мен Семейде төмен. Ал ең қымбат баға Ақтөбе қаласында тіркелген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда бір тонна көмірдің орташа бағасы 17 676 теңгені құрады.

Қазақстанда көмір өндірісімен 19 кәсіпорын айналысады. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бір тонна көмірдің орташа бағасы 17 676 теңгені құрады. Жылдық мәнде көмір бағасы 9,8% өсті (2024 жылғы қыркүйекті 2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда).

- Өңірлер бөлінісінде төмен баға Петропавлда (15 187 тг/т), Өскеменде (15 679 тг/т), Семейде (15 693 тг/т) және Павлодарда (15 715 тг/т) байқалды. Ең қымбат баға Ақтөбе қаласын тіркелді – тоннасына орташа 23 000 тг, - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық статистика бюросы.


2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда 79,7 млн тонна тас көмір өндірілген, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,7% аз. Ақшалай түрдегі өндіріс көлемі 51,8 млрд теңге болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу