ШҚО-да Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасы салынбақ
pexels.com
Су инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде 2025-2028 жылдары Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасы салынбақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылы Үйдене және Қандысу су қоймалары қайта жаңғыртылмақ. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.
Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады. Биыл жаңбырлатып суару қондырғыларын дайындайтын "ERTIS BEREKE OSKEMEN" ЖШС ашылды. Кәсіпорын өнімдерінің алғашқы үлгілері Ұлан ауданының 185 гектар жеріне орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 408 гектар егіс алқабына 3 су үнемдеу машинасын орнату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Зайсан ауданында алғаш рет 470 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді.