Қор нарығында доллар қымбаттады
фото: kapital.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,91 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 460,15 теңге. Ұлттық банктің 1 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 458,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,17 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 460,03 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 462,9 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңге, сатып алу құны– 463 теңге. Ресей рублі 5,07 – 5,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.