KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

Доллар бағамы өсті

Фото: egemen.kz

4.08.2023, 17:17 377

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,26 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 445, 29 теңге.

Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,01 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу құны – 446,5 теңге.

Ресей рублі 4,69 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу