Доллар бағамы өсті
Фото: egemen.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,83 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Аltaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 444,81 теңге.
Ұлттық банктің 21 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 443,99 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 445 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 448 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445,5 теңге, сатып алу құны – 447,5 теңге. Ресей рублі 4,88-4,94 теңге аралығында саудаланып жатыр.