Мереке күні «Нұртау» курорты ашылады
Фото: goldenaltay.kz
Тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған "Нұртау" тау шаңғысы курортында қысқы маусым ашылады.
16 желтоқсан күні сағат 11.00-де Глубокое ауданында орналасқан демалыс базасының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ШҚО туристік ақпараттық орталығының ақпаратына сүйенсек, бұл күні келушілер үшін түрлі шеберлік сағаттары мен түрлі байқаулар ұйымдастырылмақ.
Тұрғындар концерттік бағдарлама тамашалап, ит шанамен сырғанай алады. Сондай-ақ тир ату, түрлі жарыстар мен байқаулар, сыйлықтар, тау шаңғысы бойынша шеберлік сыныптары мен таудан жаппай сырғанау жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз