Өскеменде жылу магистральдарында жеті учаске жөнделеді
сурет көрнекілік үшін алынды
Жөндеу жұмыстарының болжамды құны – қосымша құн салығынсыз 439 миллион 550 мың теңге. «Өскемен жылу желілері» бұл ақшаны "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы шеңберінде тарифтерді арттыру есебінен алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Құбырларды ауыстыру жұмыстары Мыза (152 метр), Вострецов (620 метр) және Защитадағы Братский (362 метр), Солнечный кентіндегі Ленин және Северный (1258 метр), Куленов кентіндегі Цветочный (471 метр) көшелерінде жүргізіледі.
Сонымен қатар Шәкәрім даңғылындағы ұзындығы 475 метр жылу трассасының учаскесі де жөнделеді. Осылайша барлығы 3 772 метр жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр.
Осы шаралардың нәтижесінде қала бойынша құбырлардың тозуы 0,57 пайызға төмендеуі тиіс. Жұмыстарды "Өскемен жылу желілері" АҚ өз есебінен жүргізетін болады.