Тарбағатайдағы қарғын судың қаупі сейілді
Күннің күрт жылынуына байланысты Тарбағатай ауданының маңырақ ауылының шығысындағы таудың қары еріп, тасқынға ұласқан. Таудан аққан су тоғандарға құйып, кейіннен жазық далаға жайылған.
Қарғын судың қаупін сейілту үшін Тарбағатай ауданының әкімінің аппаратынан 7 кісі, тұрғылықты мекеннен 20 кісі жұмылдырылған. Төтенше жағдайдың алдын алу барысында 150 мөшек күл қапталып, тоғамның осал жерлеріне қойылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Маңырақ ауылының шығысынан тау қарының еруі орын алып, тасқынға жалғасты. Еріген қардың суы бірінші Маңырақ ауылының дамбысын жағалап(дамбыдан аспаған), Маңырақ ауылына қарасты «Қара тоғам»-ға түскен. Қара тоғамның арнасымен аққан судың бір бөлігі далаға, бір бөлігі «Апақай» – дың егістік жерлеріне жайылған. Кейіннен бұл тоғамға сай-саланың еріген қардың суы қосылып, Жаңалық ауылына қарасты «Есенгелді» тоғамына құйған. Есенгелді тоғамы Жаңалық ауылының жанымен өтеді. Жиналған су осы тоғамның арнасымен ағып, Қарадалаға жайылды. Тоғамның арнасынан аспаған. Дегенмен төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, Тарбағатай ауданының әкімінің аппаратынан 7 кісі, тұрғылықты мекеннен 20 кісі жұмылдырылды. Төтенше жағдайдың алдын алу барысында 150 мөшек инертті материалмен (күлмен) қапталып, тоғамның осал жерлеріне қойылды. Ауданнан 2 техника (МТЗ-82 және "Погрузщик") жұмылдырылып, тоғамның жиектерін қомдау, көтеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, Маңырақ және Жаңалық ауылына кезекшілік қойылып, бақылауға алынды, – деп жазды Тарбағатай ауданының әкімшілігі өзінің феисбук парақшасында.
Оқи отырыңыз