KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы жуықта Мәжіліске ұсынылады

Фото: rbc.ru

22.01.2024, 12:10 83

Сенатор Жанна Асанова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы дайын және жуықта Мәжіліске түсетіндігін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz  сайты Informburo.kz жаңалықтар порталына сілтеме жасап.        

Бұл туралы Парламент Сенатының  депутаты Facebook-те жазды. 

Ол құжатпен әйелдер мен балалардың құқықтары жөніндегі сарапшылардың үлкен тобы жұмыс істегенін атап өтті.

«Жақсы жаңалық: құжат дайын және ол таяу күндері Мәжіліске ұсынылады», - деп жазды сенатор Жанна Асанова.

Оның айтуынша, заң жобасы мыналарды қамтиды:

зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де);

оларды қылмыстық құқық бұзушылықтың жария айыптау санатына жатқызу;

балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау.

Жанна Асанова мемлекеттік органдар балалар омбудсмені Динара Закиеваның командасымен бірлесіп, қамқоршылық қызметкерлерінің санын 1650 адамға дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Қазір бүкіл ел бойынша олардың саны 309 адам. 

«Алайда, Президент атап өткендей, «Егер қоғамда агрессия мен зорлық – зомбылықтың кез-келген түріне мүлдем төзбеушілік болмаса, кез-келген заңнамалық өзгерістер тиімді болмайды», - деп атап өтті Жанна Асанова.

Депутат атағандай, бір жыл ішінде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша 99 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

«2023 жылы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қаза тапты. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Ешкімді бей-жай қалдырмаған бірнеше резонанстық жағдайлар болған», - деді сенатор.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу