KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Өскемен жастары зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға қатысты

25.11.2023, 20:01 265 Назерке Каримова

2023 жылғы 25 қараша күні «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» Халықаралық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау. Шараға қала жастарымен қатар депуттатар, полицейлер, «Самға» даму орталығы мен «Ана үйі» мемлекеттік емес қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек, - дейді «Жастар рухы» - ЖҚ ШҚОФ төрағасы.

Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу