KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
481.68 522.48 5

ШҚО-да еңбекке қабілеттілігінен айырылғандар 1,2 млрд теңге алды

фото: freepik.com

22.01.2024, 17:13 88 Оразай Жеңісұлы

Өткен жылы ел тұрғындары мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,3 миллион адам 750,7 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем алған. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 35 мың адам 23,8 млрд теңге алған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

2023 жылы алынған әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2022 жылғымен салыстырғанда 70 пайызға артық.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына Қордан төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Қордан тағайындалатын төлем жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін медициналық-әлеуметтік сараптама белгілеген кезеңге төленеді және еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жүргізіледі.

«2023 жылда аталған төлемді Қордан 38,7 млрд. теңге сомаға 100 мыңнан аса адам алды (ШҚО бойынша 3562  адам 1,2 млрд. теңге), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27%-ға артық. Тағайындалған төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 45642 теңгені құрады», - деп мәлімдеді ШҚО бойынша «МӘСҚ»АҚ филиалы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив