Әлеуметтік төлемдердің мөлшері арта түседі
фото: ortcom.kz
2024 жылы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын төлем мөлшері 7 пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО бойынша «МӘСҚ» АҚ филиалына сілтеме жасап.
Елімізде еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша 80,7 мың адам төлем алады. Шығыс Қазақстанда мұндай төлем 2720 адамға беріледі. Ал асыраушысынан айырылуына байланысты 57,7 мың отбасы әлеуметтік төлем алады. Шығыс өңірінде мұндай отбасы саны – 2769. Мамандардың айтуынша, қазір қайта есептеу аяқталды.
Әлеуметтік төлемдер қайта есептелген кезінде төлем алушылардан қосымша құжаттар талап етілмегенін айта кетейік. Бұл қызмет автоматтандырылған режимде жүргізілді.