KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Елдегі су саласы мамандықтарының студенттері «Болашақпен» шетелде оқи алады

t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

3.02.2024, 10:00 172 Назерке Каримова

«Болашақ» бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» және Су қауіпсіздігі» секілді су саласының мамандықтары қосылды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек су саласының мамандықтары мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Биылдан бастап қазақстандық студенттер «Гидрогеология», «Су ресурстары» және Су қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша шетелде білім ала алады.

Елдегі 10 ЖОО су саласының мамандарын даярлайды. Қазір білім алып жатқан студенттер саны 2500-ге жуық.

- Біз үшін су саласы мамандығын тартымды ету маңызды. 2024 жылдың басынан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 22% - ға өсті. Бұл Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген іс-шаралардың арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, отандық су саласының кадрлық әлеуетін арттыру үшін министрлік су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу