Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері Қонаев қаласында жаңа зауыт ашады
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл зауытта тамшылатып суару жүйелерінің қосалқы бөлшектері шығарылмақ.
Алдағы уақытта Тараз қаласында да осындай зауыт ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қонаев қаласындағы тамшылатып суару жүйелеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауытты аралап көрді. Тамшылатып суару әдісі - тіршілік нәрін тікелей өсімдік тамырына жеткізу арқылы суды ұқыпты пайдалануға мүмкіндік береді.
- Зауыт – қазақстандық және Қытай кәсіпкерлерінің бірлескен жобасы. Кәсіпорын қуаты аптасына 500 гектарға дейін жерді тамшылатып суару технологиясымен қамтамасыз етуге жетеді деп күтіліп отыр. Алдағы уақытта Тараз қаласында да осындай зауыт ашу жоспарда бар, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз