KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға артты

Фото: freepik.com

8.01.2024, 11:15 178

2024 жылдың басынан бері су саласы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті. Бұл Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген шаралардың арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.        

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық су саласының кадрлық әлеуетін жақсарту үшін Министрлік су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.

«Жалақыны көтеру - су саласындағы жұмысты тартымды ету қадамдарының бірі. Әрине, қазіргі мамандарды ұстап қана қоймай, оларды қажетті дайындықпен, өзекті дағдылармен және біліммен қамтамасыз ету қажет. Министрлік бұл бағытта жұмыс жүргізуде, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу