ШҚО-да үш тоған мен бір су қоймасы мемлекет меншігіне өтті
Фото: stroiteh-msk.ru
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің көмегімен еліміздегі сегіз гидротехникалық құрылыс мемлекеттік меншікке өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы 2024 жылғы 19 қаңтарда Мемлекеттік есеп және су ресурстары кадастры басқармасының басшысы Ерлан Жұмабаев айтты.
2023 жылы Қазақстанда төрт иесіз бөгет, бір су қоймасы және үш тоған мемлекеттік меншікке өтті. Бұл - Ақтөбе облысындағы төрт бөгет, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы үш тоған мен су қоймасы.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов атап өткендей, былтыр еліміздің гидротехникалық құрылыстарына түгендеу жүргізілді.