KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлетші 4-орынға жайғасты

ҚР Спорт комитеті

3.02.2024, 21:10 130 Назерке Каримова

Өзбекстанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды.


Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы көтерілді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

 

Өзбекстанда басталған ауыр атлетикадан Азия Чемпионатының бірінші күні әйелдер арасында өнер көрсеткен Айнұр Әбдіқалықова жарысты төртінші орынмен аяқтады

 

Қазақсатандық спортшы қос жаттығу қорытындысында 134 келіні бағындырды. 45 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан отандасымыз жұлқа көтеруде 62, ал серпе көтеруде 75 келіні көтерді.

 

45 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

  • Вон Сим Хюн (Солтүстік Корея) - 192 келі (86+106)
  • Сиривимон Прамонгхол (Таиланд) - 163 келі (72+91)
  • Хонг Зи-Ю (Тайпей) - 162 келі (72+90)
  • Айнұр Абдықалықова (Қазақстан) - 134 келі (62+75)

 

Айта кетейік, сары құрлық бәсекесінде Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар сарапқа салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу