KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шығысқазақстандық спортшы бірден үш рекорд орнатты

16.05.2019, 09:01 146

Ауыр атлетикадан Қостанайда өткен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында шығысқазақстандық зілтеміршілер ауыз толтырып айтарлықтай өнер көрсетті.

Сегіз күнге созылған додаға 2005 туған және одан кіші жасөспірімдер қатысты. Жарыста еліміздің облыстары мен қалаларынан келген 300-ден астам жас спортшы бақ сынады. Бұл бәсекеде біздің облыстың намысын 29 спортшы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміздің төртеуі жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, қыздар арасында 32 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Александра Беленконың мерейі үстем болды. Александра қоссайыс қорытындысы бойынша 79 келі көтеріп, ел чемпионы атанды. Осы ретте семейлік спортшы бірден үш рекорд (жұлқа және серпе көтеруде, сондай-ақ қоссайыста) орнатқанын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар өскемендік Софья Шалгина (36 келі) мен семейлік Евгения Танченконың (49 келі) да қанжығасы майланды, екеуі де жарыстың қола жүлдесіне қол жеткізді. Тағы бір медаль (күміс) жарысқа Семейден барған Юрий Каличтің (салмағы 45 келі) еншісінде.

Осының арқасында облыстың қыздар құрамасы жалпыкомандалық үшінші орынға ие болса, ұлдар жарысты алтыншы орында аяқтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу