KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Денис Улановтың қоржыны Азия чемпионатының қола жүлдесімен толықты

23.04.2019, 11:28 164

Шығысқазақстандық зілтемірші Денис Уланов Азия чемпионатының жүлдегері атанды.

Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Алтай қаласының тумасы 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен болатын. Жерлесіміз қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі салмақты (серпе көтеруде – 160 келі, жұлқа көтеруде – 196 келі) көтеріп, байрақты бәсекенің қола жүлдесіне ие болды. Осы ретте Улановтың еншісінде серпе және жұлқа көтеру сайыстарында жеңіп алған кіші қола медальдар да бар екенін айта кеткен жөн.

Естеріңізге салайық, шығысқазақстандық ауыратлеттің спорттық мансабындағы ең үлкен жетістігі 2016 жылы тіркелген. Дәл сол жылы Уланов Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанып, Азия біріншілігінде топ жарған болатын. Ал 2017 жылы жерлесіміздің қоржыны Универсиаданың алтынымен толықты. Бір қызығы, бұл жүлделерінің бәрін Денис 85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жеңіп алған-ды.

Айта кетейік, Қытай жеріндегі Азия чемпионаты 28 сәуірге дейін жалғасады. Құрлықтық дода 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнир саналады. Аталмыш жарыста еліміздің атынан барлығы18 спортшы сынға түсуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив