KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
479.05 534.57 5.17

ШҚО-дағы гидротехникалық құрылыстардың қазіргі ахуалы қандай?

Фото: ШҚО ӨКҚ

6.02.2024, 10:51 259 Оразай Жеңісұлы

Шығыс өңірінде қар қалың. Мамандардың айтуынша, ақпан-наурыз айларында күн жылынып, жауын-шашын мол болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осы тұста «су тасқыны қауіп төндірмей ме?» деген заңды сұрақ туындайды.

«Шығыс су қоймалары» МҚК директорының міндетін атқарушы Медет Нұрғалиевтің айтуынша, кәсіпорынның балансында 34 гидротехникалық құрылыс бар: 18 су қоймасы бөгеті, 15 бөгет-тоғаны, 1 шлюз-реттегіш.

– 2023 жылы Тайынты өзенінің гидротехникалық құрылысында, «Қарғалы» су қоймасының бөгетінде және «Бектемір» су қоймасының бөгетінде үш нысан жөнделді. Сондай-ақ өткен жылы «Лайлы» су қоймасы бөгетінің жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге бюджеттік өтінім берілді. Биыл қауіпті кезеңнен кедергісіз өту үшін арнайы іс-шаралар жасалды. Қауіп күшейсе, бөгет-тоғандар мен су қоймаларына жақын орналасқан елді мекен тұрғындары бірден хабар болады. Инженер-гидротехниктер тоғандар мен су қоймаларына мониторинг жүргізеді, – деді кәсіпорын басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, су тасқыны қаупі күшейетін кезеңде кәсіпорын қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп гидротехникалық құрылыстарда тәулік бойы кезекшілік етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив