KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 4,7 м/с, ОШ
442.84 480.97 5

ШҚО әкімі: «Емханалардағы ұзын-сонар кезекті жою керек»

pixabay.com

11.02.2024, 13:00 94 Назерке Каримова

Емделушілердің емханадағы әрекеттер алгоритмін білмеуі салдарынан ұзын-сонар кезек қалыптасып, ыңғайсыздықтар туындайды.

Өңір басшысы құзырлы басқармаға, қала мен аудан әкімдеріне осы мәселені шешуді тапсырды, деп  хабарлайды Altainews.kz сайты.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы нәтижесі бойынша кеңесте ШҚО әкімі Ермек Көшербаев соңғы бес жылда облыстағы медициналық мекемелерді жарақтандыруға және кадрларды даярлауға 38 миллиард теңге жұмсалғанын атап өтті. Бірақ сонда да халық емханаларда қиындықтармен бетпе-бет келіп жатыр: ұзын-сонар кезек, түрлі жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білмеу. Өңір басшысы құзырлы басқармаға, қала мен аудан әкімдеріне осы мәселені шешуді тапсырды.

– Тұрғындар салынған қаражатқа сай сапалы медициналық қызмет алуы керек, сатып алынған құрал-жабдықтар тиімді және пайдалы болуы керек. Қарапайым мақсат қойыңыздар – емханалардағы кезектерді жою, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, – деді Ермек Көшербаев. – Ескертпей емханаларға келіп, мән–жайды тексеретін боламын. Тек Зайсан мен Тарбағатай аудандарындағы емханаларда тәртіп бар екеніне сенімдімін, басқа аудандарда әдеттегідей халық наразылығы жетіп артылады.


Аймақ басшысы емделушіге арналған іс-әрекет алгоритмін жасау керектігін қадап айтты. Бұл мәселеде Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы облыстық цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесе жұмыс істеуі керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив