KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 13,8 м/с, ОБ
527.58 546.15 5.29

Шетелдік авто: Заңдастыру акциясы тағы да бола ма?

Фото: officelife.media

12.02.2024, 10:24 466 Оразай Жеңісұлы

ІІМ мәліметіне сүйенсек, заңдастыру аясында 304 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Соның ішінде 21 мың автоконструктор, 55 мың автокөлік уақытша тіркеуге қойылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Заңдастырылмаған шетелдік көліктерге келетін болсақ, олар техникалық және экологиялық талаптарға сай болса, барлық қажетті алымды төлей отырып, әдеттегі тәртіпте тіркелуі керек. Сонымен қатар, көлік иелеріне белгіленген тәртіппен тіркелмеген көліктерді пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», - деді ІІМ өкілдері.

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру былтырғы қаңтарда басталған. Өтініштер шілдеге дейін қабылданып, 2023 жылдың аяғына дейін қаралды. Осы уақыт ішінде көлік иелері 200 мың теңге утильалым және тіркеу сомасын төлеп, көліктерін тіркей алды. Полицейлер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген көліктерді тіркеді.

ІІМ акцияның бір реттік шара екенін, заңдастыру мерзімін ұзарту жоспарда жоқ екенін баса айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу