Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзартыла ма?
Сурет: 7-su.kz
Қазақстанда 177 мыңнан астам автокөлік тіркелген.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Алтынбек Жамалиев Қазақстанда көліктерді заңдастыру мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Егер сіз 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, онда біз бұл өтінішті қараймыз. Дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ. Ең бастысы, 1 шілдеге дейін заңдастыруға өтініш беріп қойсаңыз болды», – деді Алтынбек Жамалиев.
Аға инспектордың айтуынша, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 177 мыңнан астам автокөлік тіркеліпті.
Оқи отырыңыз