ШҚО-да 7 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды
Фото: egemen.kz
ШҚО ПД мамандары шығысқазақстандықтарға шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі жақын арада аяқталатынын ескертті.
Бір реттік заңдастыруды ескере отырып, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министірлігі ағымдағы жылдың 23 қаңтары мен 30 маусым аралығында елімізге 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдады.
Жалпы республика бойынша 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік, оның ішінде, ШҚО аумағында 7 мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылған.