ШҚО-да 16 бағыт бойынша жол жабық
Фото: jambylinfo.kz
ШҚО-дағы облыстық және республикалық маңызы бар 16 тас жолда көлік қозғалысы шектелген.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста кешеден бері жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша облыс аумағындағы 7 республикалық маңызы бар және 9 облыстық маңызы бар тас жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.
Қозғалыс барлық көлік түрлері үшін жабық.
Республикалық маңызы бар тас жолдар:
1)«Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» (15-123 шақырымы, Глубокое кенті – Шемонаиха – РФ шекарасы);
2) «Алматы - Өскемен» (1013-1048 шақырымы, Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылына бұрылыс);
3)«Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай –Рахман қайнары» (6-166 шақырымы, Ушанов ауылы – Алтай қаласы);
4) «Өскемен - Семей» (10-103 шақырымы, Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы);
5)«Өскемен– Риддер – РФ шекарасы» (15-105 шақырымы, Белоусовка кенті – Риддер қаласы).
6) «Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» (15-105 шақырымы, Глубокое кенті – Шемонаиха);
7) «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай –Рахман қайнары» (420-450 шақырымы, Берел ауылы – Рахман қайнарлары шипажайы).
Облыстық маңызы бар тас жолдар:
1)«Дмитриевка – Бородулиха - Шемонаиха» (72-87 шақырымы, Шемонаиха – Абай облысының шекарасы);
2) «Өскемен - Тарғын – Самар» (63 – 145 шақырымы, Тарғын – Самар);
3)«Шемонаиха – Секисовка», (0 – 54 шақырымы);
4)«Тарханка - Топиха» (3-12 шақырымы);
5)«Өскемен – Тауыл Үлбі - Северное» (30-60 шақырымы);
6)«Өскемен - Новотроицкое» (0-22 шақырымы).
7) «Күршім - Қалжыр» (0-13 шақырымы).
8) «Үлкен Нарын - Күршім» (95-135 шақырымы).
9) Казнаков өткелі (0-12 шақырымы).