Көліктің мемлекеттік нөмірі жоғалса, не істеу керек?
«Азаматтарға арналған үкімет» МК ШҚОФ
Нөмірді қалпына келтіру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу керек.
Мемлекеттік нөмірді қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барып, тиісті өтінім беру қажет, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
Көбінесе жүргізушілер көлік нөмірін дұрыс бекітпегендіктен немесе қатты жел, жаңбыр және басқа да көптеген себептерге байланысты нөмірлерін жоғалтып жатады.
Ал егер сізде бірнеше көлік болса, төлнұсқаларды қалпына келтірген кезде әр көлікке жеке өтінім беру керек.
Айта кетейік, Өскемен қаласының мамандандырылған ХҚКО Абай даңғылы 203/3 мекенжайында орналасқан. Жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.