KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
523.86 544.34 5.11

Биыл 766 шығысқазақстандық экологиялық куәлік алған

Фото: smi24.kz

24.08.2023, 17:12 211 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ХҚО мамандары экологиялық куәлікті алу немесе қалпына келтіру жолдарын еске салды.

Семей полигонындағы ядролық сынақтардың нәтижесінде зардап шеккендер экологиялық куәлікті онлайн ресімдеп, қалпына келтіре алады, бұл үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қызметке онлайн тапсырыс беру үшін egov.kz электронды үкімет порталына кіру қажет. Содан кейін порталдың басты бетінде "Әлеуметтік қамсыздандыру" бөлімін, "Отбасыларға көмек" тармағынан "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру" қызметін таңдау керек. Содан кейін сіз сұралған деректерді толтырып, сұрауға ЭЦҚ-мен өтінішті жібересіз. Өтінім тіркелген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралатын болады. Хабарлама қызмет алушының жеке кабинетінде сақталады. Куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын тұрғылықты жері бойынша ХҚО-дан алуға болады.

- Бұған дейін бұл қызмет тек ХҚО арқылы қағаз түрінде ұсынылған болатын. Бір жыл бұрын азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп бұл қызмет онлайн-форматқа ауыстырылды. Бұл өңір тұрғындары үшін өте маңызды және қажетті қызмет деп санаймыз, деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО филиалының директоры Азамат Есембулов.

Сонымен қатар экологиялық өтемақы алу үшін азаматтар eGov.kz портал арқылы онлайн өтініш бере алады. Бұл үшін экологиялық куәлік пен Халық банкіндегі шоттың деректемелері қажет болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша 766 экологиялық куәлік берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу