KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Көліктің жоғалған төлқұжатын қалай қалпына келтіруге болады

18.01.2021, 14:40 181
Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (КҚТК) жоғалған жағдайда автокөлік иелері үшін "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" мамандандырылған бөліміне жеке куәлік, КҚТК бергені үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (1,25 АЕК) алып бару керек. 

"Барлық маңызды құжаттар бір жерде, мысалы, әмиянда сақтау әдеті салдарынан бірден жоғалып кетуі мүмкін. Ол кезде бірінші кезекте жеке куәлікті қалпына келтіру керек, өйткені онсыз қалған құжаттарға тапсырыс беруге болмайды", - деп хабарлайды ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалының баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, аты-жөніңізді ауыстырған кезде жоғарыда аталған тізімге қосымша аты-жөніңіздің өзгергенін растайтын құжатты ұсыну қажет, ал қайта жабдықталған немесе көлік құралының түрі өзгерген жағдайда көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ұсыну қажет. 

Естеріңізге сала кетейік, көліктің өзін құжаттармен салыстыру үшін әкелудің қажеті жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу