ШҚО-да криминалистикалық полигон ашылды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Жоба Қазақстан-Америка еркін университетімен өзара келісім жасасу аясында іске асырылды.
Қылмыс барған сайын күрделеніп, етек алып бара жатқан қазіргі заманда криминалистикалық білімді арттырудың маңыздылығын жете бағалаған жөн, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полигонда дактилоскопиялық және биологиялық зерттеулерге арналған әртүрлі жабдықтар, оқиға орнын тексеруге арналған криминалистикалық чемодан, фоторобот құрастыруға арналған бағдарламалар орнатылған. Арнайы жабдықталған орын қылмыстық жағдайларды модельдеуге, тексеру жүргізуге және заттай дәлелдемелерді алу дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.