Зайсандық сақшылар криминалистикалық дактилоскопия туралы сабаққа қатысты – ШҚО
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
Зайсан АПБ-ның жеке құрамына оқиға орнына шығу, дактилоскопия ұғымы, саусақ және басқа да іздерді анықтау бойынша "Криминалистикалық дактилоскопияның жалпы теориясы» теориялық және практикалық сабағы өткізілді.
Дәріс барысында адамның тері іздерін, бедерлерін алу, идентификациялау және зерделеу әдістері көрсетіліп, практикалық қызметтен мысалдар келтірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Дактилоскопия – бұл қылмысты ашу процесінде тұлғаны іздестіру, идентификациялау және тіркеу үшін адамның саусақ іздерін қолдану мақсатында олардың құрылысы мен қасиетін зерделейтін бөлім.
Қылмыстың жедел ашылуы, ең бірінші кезекте, маманның оқиға орнына жан-жақты және сапалы зерттеу жүргізуіне байланысты.