Конституция күніне орай полиция қызметкерлері марапатталды - ШҚО
ШҚО Полиция департаментінде ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шараға ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков, ПД бастығының орынбасарлары, сондай-ақ аппарат басшылары мен ардагерлер қатысты.
- ҚР Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Марат Мұратұлы Ахметжанов пен ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбековтың бұйрықтарымен облыстың үздік полицейлері мен ардагерлері жоғары кәсібилігі, жұмысты шебер ұйымдастырғаны және құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі міндеттерді орындауда қол жеткізген табыстары үшін салтанатты жағдайда арнайы атақтармен, медальдармен, төсбелгілермен, грамоталармен марапатталды алғыс хаттармен марапатталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.