KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
450.79 482.21 5.05

Қоқыс төккендерге салынатын айыппұл көлемі артады

1.03.2024, 15:29 84 Ынтымақ Толқын

Елімізде рұқсат етілмеген жерге қоқсы тастағандарға салынатын айыппұл көлемі артуы мүмкін.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оның айтуынша 2023 жылғы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 5534 рұқсат етілмеген қоқыс төгу орындары анықталып, оның 86%-ы әкімдіктермен жойылған.

-Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында қоқыстарды белгіленген орыннан тыс жерге тастағаны үшін айыппұл көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылуда, - деді министр.

Министрдің мәліметінше 2023 жылдың соңында Қазақстанда 4,1 миллион тоннаға жуық коммуналдық қалдықтар шығарылып, оның 24 пайызы қайта өңделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив