Абай туралы жаңа зерттеулер: 12 кітап таныстырылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Абай Құнанбаевқа арналған жаңа ғылыми еңбектерді таныстырды.
ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ҒЗИ-нің зерттеу жұмыстарын белгілі ғалымдар мен абайтанушылар дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Авторлар қоғамның, ғылымның, әдебиеттің, тілдің өзекті мәселелерін Абайдың дүниетанымы мен мұрасы арқылы қарастырды.
Айта кету керек, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан ақынның өмірі мен шығармашылығын жүйелі түрде тереңдетіп зерттеу мақсатында ашылған болатын.