KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, ОБ
447.25 485.18 4.96

ШҚО-да Абай Құнанбаевқа арналған кітап көпшілік назарына ұсынылды

10.08.2020, 10:35 162

үгін еліміз ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтуде. Соған орай Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 9 сынып оқушылары «Абай шығармашылығының қыры мен сыры» атты онлайн сабаққа қатысты.

Аталмыш шара аясында Қазақстанның аса көрнекті ағартушысы Абай Қүнанбаевтың ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі ашып көрсетілді. Бұдан бөлек оған қатысушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы көп тарамаған мәліметтермен танысты.

Дәрістен соң балалар ұлы ақынның шығармашылығына байланысты сұрақтардан құралған квестке қатысып, білімдерін шыңдады. Оқушылар квесттегі сауалдарға үш тілде жауап берді.

Шара барысында балалар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаппен танысты. Балалар инновациялық технологиялардың арқасында смартфонның көмегімен 3D-нысандарды, видео, аудио нысандар мен виртуалды турларды тамашалады.

Шара соңында мектеп оқушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, болашақта осы онлайн дәрістен алған білімдерін кәдеге жаратындарын мәлім етті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив