KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
488.26 530.54 5.03

Өскеменде «Тұмандағы оттар» кітабының тұсаукесері өтті

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан

2.03.2024, 21:10 131 Назерке Каримова

Бұл жерлес жазушы Гүлжан Қазимованың екінші кітабы.

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Гүлжан Қазимованың шығармалары республикалық байқауларда көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болып жүргенін айта кетейік.

Гүлжан Ахметбекқызы – ШҚО Мәдениет басқарамасының «Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің» басшысы, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша лауреаты (жүлделі 3-орын), «Журналистика» номинациясы бойынша дипломанты, «Абай әлемі» облыстық конкурсының дипломанты, Павлодар облысында өткен Қадыр Тайшықов атындағы республикалық сатириктер конкурсының арнайы жүлдесінің иегері.

Осыған дейін «Қызғалдақ ғұмыр» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Әңгіме, новеллалары респбуликалық «Қазақстан әйелдері», «Таң шолпан», «Жұлдыз» журналдарында, сондай-ақ, әр жылдары жергілікті облыстық «Ақ Ертіс» журналы мен «Дидар» газетінде жарияланып келді.

Кітапқа Гүлжан Қазимованың бірнеше әңгімесі мен Оскар Уайльдтан аударған «Бақытты ханзада» аудармасы, өзінің айналасындағы жерлестері туралы новеллалары енген. Өлкеміздегі проза жанрында қалам тартып жүрген қабырғалы қаламгерлердің жалғасы ретінде өз оқырмандарының сүйікті жазушысына айналған Гүлжанның әңгімелері шынайы, бояуы қанық. Әсіресе, әйел жанының жұмбақ қалтарыстарын суреттеуде, нәзік жаратылыстың сүйініші мен күйінішін, бірде көл, бірде шөл тағдырдың жарылқау мен жабырқауын жайып салатын психологиялық иірімдері – жазушының қаламгерлік батылдығын көрсетеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив