KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, С
503.42 542.08 6

Мереке күндері ХҚКО қалай жұмыс істейді?

Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі

6.03.2024, 17:16 187 Ләззат Қанатқызы

8 наурыз мерекесіне байланысты ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу