KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Қазақстандықтар Таиландқа визасыз бара алады

Фото: egemen.kz

13.03.2024, 11:05 128 Ләззат Қанатқызы

ҚР Сыртқы істер министрлігі сынақ мерзімінен кейін Таиландпен 30 күндік визасыз режимді тұрақты негізде енгізгісі келеді.

Өткен жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін қолданыста болған сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында пайда болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Таиландта визасыз кірген күннен бастап 30 күн алаңсыз жүре алады.

«Алайда Қазақстан азаматтары күнтізбелік 180 күннің 90 күнінен артық Таиландта болмауға тиіс», – делінген құжатта.

Бұл елде ұзақ уақытқа қалуды қалайтын отандастарымыз әлі де виза алуға мәжбүр болады.

Таиланд азаматтары үшін Қазақстан аумағында да осындай жағдай жасалған. Келісімде визасыз режимнің қанша уақытқа дейін ұзаратыны немесе қай айлар аралығында болатыны нақты көрсетілмеген.

Жобаны талқылау 29 наурызға дейін жалғасады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив