ҚР Президенті Мәскеудегі террорлық актіге байланысты пікір білдірді
akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайтынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ғимаратында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырған, артынша өрт қойған. Оқиға кезінде «Пикник» тобының концерті болып жатқан.
Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі лаңкестік әрекет салдарынан 60 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланғанын хабарлады.
Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
ҚР Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.
Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.