KZ
Өскемен
-5°
туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Халықаралық турнирде қазақ боксшылары 3-орынды иеленді

instagram/boxingkazakhstan

30.03.2024, 16:00 410 Назерке Каримова

Қазақстан құрамасының қанжығасында 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар.

Бұл Әзірбайжан астанасы Бакуде бір аптаға созылған "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінің нәтижесі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Бокс федерациясының ақпаратына сүйеніп.

Алтынды 60 келіде Талғат Сырымбетов, 71 келіде Дархан Дүйсебай, 92 келіде Сағындық Тоғамбай алса, 48 келіде Теміртас Жүсіпов пен 54 келіде Тимур Қабдешев күмістен медаль тақты. Ал қола жүлде 86 келіде бақ сынаған Бекзат Таңатардың қанжығасында.

- Жалпы,командалық есепте 5 алтын, 6 күміс және 5 қоламен Өзбекстан боксшылары бірінші орынды иеленді. Екінші орындағы Әзірбайжан құрамасының еншісінде 3 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Дегенмен, айта кету керек, Өзбекстан құрамасы бұл турнирге 16 боксшы қосты. Ал Әзірбайжан боксшыларының саны кей салмақта бесеуге дейін жетті, - деп мәлімдеді Қазақстан Бокс федерациясы. - Сондай-ақ Ресей боксшылары 2 алтын, 6 қоламен 4-орынға жайғасса, 2 күміс және 2 қолаға қол жеткізген ирандықтар үздік бестікті түйіндеді. Бұдан бөлек, Венгрия, Италия, Қырғызстан, Тәжікстан және Венгрия жігіттері де жүлделі орындарға ілікті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу