KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, З
481.63 534.46 5.28

ШҚО-да сарбаздар арықтарды тазартуға атсалысып жатыр

Фото: ШҚО ТЖД

2.04.2024, 10:11 162 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметшілер ауылдардың арық жүйесін тазартып, тасқынның алдын алуға бағытталған шаралардың дер кезінде жүзеге асуына үлес қосып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мәселен, Үлкен Нарын ауданында 68303 әскери бөлімінің қызметшілері Новополяковка және Бесүй ауылдарының арық жүйесі мен су өткізу құрылыстарын тазартты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Алтай ауданында да осындай жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді. Парыгино ауылында 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су өткізу құрылыстары мен арық жүйесін тазартуға қолғабыс еткен. Сондай-ақ Зубовск кентінде Бұқтырма, Зеленка, Березовка өзендеріне мониторинг жүргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив