ШҚО-да әскери қызметшілер бос орындар жәрмеңкесін өткізді
Фото: ШҚО ТЖД
Өскеменде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі №6833 әскери бөлімінің әскери қызметшілері "Халықты жұмыспен қамту орталығы" базасында бос орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Кандидаттармен ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы кездесіп, ол төтенше жағдайлар жүйесі қатарындағы қызметтің артықшылықтары - әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес тұрғын үй төлемдері, оның ішінде отбасының әрбір мүшесі үшін, зейнеткерлік жасқа (47 жасқа) жеткенде төленетін зейнетақы төлемдері және мансаптық өсу мүмкіндігі туралы айтып берді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: кемінде 32,5 жас, әскери билет (мерзімді қызмет, әскери-техникалық мектеп, әскери кафедра), әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы.
Бос лауазымдарға қабылдау ҚР ТЖМ № 68303 әскери бөлімінің базасындағы Өскемен қаласының құтқару батальонына жүргізіледі.
Толық ақпаратты 8-777-032-40-70 нөмірі бойынша білуге болады.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз