ШҚО-да көшкіннің алдын алу шаралары жүргізіледі
көрнекілік сурет: depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысында көлік жолдарының бойында көшкіннің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қауіптің алдын алуға бағытталған шаралар бүгін сағат 10.00-ден бастап Ақсу-Талды, Согорное-Барлык жолдарының учаскесінде (2-5 км) жүргізіледі деп жоспарланған.
Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ «Шығыс Қазақстан аумақтық пайдалану басқармасы» филиалы мәлімдеді.
Профилактикалық көшкін кезінде аталған учаскелерде көлік қозғалыс уақытша шектеледі.
Оқи отырыңыз