«Қазақмыс» пен KAZ Minerals тобы зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті
Фото: Kazakhmys Holding
Еліміздегі ірі кәсіпорындар да зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетіп жатыр.
Қазақстанның тау-кен саласындағы компаниялары - KAZ Minerals Тобы мен “Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және Қазақстанның бірқатар өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жою үшін 650 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, қажетті тауарларды сатып алуға және ең көп зардап шеккен аймақтарда инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын болады.
Компаниялар табиғи апаттың зардаптарын тез арада жоюға, инфрақұрылымды және азаматтардың күнделікті өмір салтын қалпына келтіруге қолдау көрсетуде.
Бұған дейін KAZ Minerals және Қазақмыс Аягөз ауданындағы су тасқынынан, Түркістан облысындағы су тасқынынан, Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіп, өздерінің өндірістері орналасқан аймақтарындағы әлеуметтік жобаларға белсенді инвестиция салған болатын.