KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

ҚТЖ пойыз билеттерінің құнын көтермейді

t.me/PR_KTZh

14.04.2024, 18:00 189 Назерке Каримова

Су тасқыны кезінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыз билеттерінің құны өспеген және сол деңгейде сақталып қалмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мәселен, купе вагондарында Орал-Қызылорда пойыздарында жол жүру құны 13 915 теңгені, плацкарт - 9 216 теңгені құрайды. Атырау-Астана-Қарағанды бағыты бойынша пойыздарда жол жүру купеде 18 114 теңге және плацкартта 11 898 теңге тұрады.

– Сонымен қатар, ҚТЖ еліміздің су тасқыны қаупі бар аймақтарынан 13 мың адамды тегін шығарды. Оның ішінде Атырау-Құлсары-Мақат және Атырау-Құлсары-Маңғыстау бағыттары бойынша 10 мың адам тасымалданды, – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. – Сондай-ақ, Ұлттық ұлан мен ҚР ТЖМ жеке құрамының 2,7 мыңға жуық адамы тасымалданды. Багаж вагондарымен гуманитарлық көмек жеткізіледі. 


Ұлттық тасымалдаушы 13 сәуірден бастап Орал-Қызылорда, Атырау-Астана-Қарағанды және Атырау-Алматы бағыттары бойынша қосымша пойыздарды тағайындайды. Астана-Атырау-Астана бағытындағы жолаушылар пойыздарына қосымша тіркеме вагондар қосылды. Бұл қосымша 2 мыңға жуық жолаушыны әкетуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу